Нұр-Мүбарак университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің шет мемлекеттерде білімін жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған.
Осы бағдарламаны негізге алып, Түркияның Чорум қаласында орналасқан Хитит университетінде 5 студент білім алуда.
«Исламтану» және «Дінтану» мамандықтарының 2019-2020 оқу жылындағы екінші семестрін жалғастырған студенттерді Хитит университетінің ректоры доктор, профессор Али Осман Өзтүрік қабылдады.
Кездесу барысында «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттеріне жетекші Нысаналиев Жандос: «Кішкентай ұшқын алауға айналған бұл бағдарлама Чорум мен Қазақстан арасындағы туыстық байланысты нығайтады», – деп мәлімдей отырып, университет ректоры атынан құттықтаулар мен кәдесыйлар табыстады.
Еске салсақ, Хитит университетіндегі Иляхиат факультетінің 2 курс магистранты Нүсіпхан Тимур екі ел арасындағы алтын көпірдің орнауына мұрындық болды.
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз хатшысы